Д 100–710
Дефлекторлар
Дефлектор сору шахтасының шығысына орнатылып, табиғи тартуды күшейтеді: жел корпусты айнала ағып, шахта аузында төмен қысым аймағын жасайды. Сонымен қатар дефлектор шахтаны жаңбыр мен қардан қорғайды.
Құрылымы — диффузор, жарты цилиндр, конус, қалпақ және бекіту аяқтары. Мырышталған болат парақтан Ø100-ден Ø710 мм-ге дейінгі 13 типтік өлшемде жасаймыз.
Габариттік және жалғау өлшемдері
| Маркасы | Ø D, мм | H, мм | Ø D1, мм | H2, мм | Салмағы, кг |
|---|---|---|---|---|---|
| Д 100 | 100 | 170 | 200 | 120 | 1,57 |
| Д 125 | 125 | 210 | 250 | 150 | 2,18 |
| Д 140 | 140 | 240 | 280 | 170 | 2,58 |
| Д 160 | 160 | 270 | 320 | 190 | 3,10 |
| Д 180 | 180 | 300 | 360 | 215 | 3,76 |
| Д 200 | 200 | 340 | 400 | 240 | 4,74 |
| Д 250 | 250 | 425 | 480 | 285 | 6,41 |
| Д 280 | 280 | 450 | 530 | 320 | 7,45 |
| Д 315 | 315 | 540 | 615 | 370 | 10,40 |
| Д 400 | 400 | 640 | 750 | 450 | 15,48 |
| Д 500 | 500 | 840 | 990 | 575 | 27,62 |
| Д 630 | 630 | 1010 | 1190 | 685 | 41,69 |
| Д 710 | 710 | 1112 | 1320 | 790 | 66,96 |
Сұрақтар мен жауаптар
Дефлекторды диаметрі бойынша қалай таңдау керек?
Марка ауа өткізгіш диаметрімен сәйкес: Ø250 мм шахтаға Д 250 орнатылады. Қима стандартты емес болса, өтпе (переход) жасаймыз.
Дефлектор желдеткішсіз жұмыс істей ме?
Иә, бұл табиғи соруға арналған құрылғы: тартуды жел қысымы мен температура айырмасы жасайды. Желсіз күндері әсері төмендейді.
Баға сұрау: дефлекторлар
Жұмыс уақытында қоңырау шаламыз, өлшемдеріңіз немесе жобаңыз бойынша құнын есептейміз.
Немесе тікелей жазыңыз: WhatsApp +7 747 371 29 79

