Қазақстан, 050035, Алматы қ., 10-шағынаудан, 10-үй, 17-кеңсе · Дс–Жм, 9:00–18:00 РУСҚАЗ
РУСҚАЗ
кл. Н / П

Ауа өткізгіштер

Ауа өткізгіштер мен оларға арналған фасонды бөлшектерді Алматы облысындағы жеке цехымызда жасаймыз. Өнім желдету, ауалық жылыту, кондиционерлеу, аспирация және пневмокөлік жүйелеріне қолданылады — тұрғын кешендерден зауыттарға дейін.

ҚР ЕЖ 4.02-101-2012 «Жылыту, желдету және ауаны баптау» талаптары бойынша жұмыс істейміз. Өнімге ҚР және Кеден одағының сәйкестік сертификаттары бар.

Жоба өлшемдері бойынша кесіп, құрастырамыз. Стандартты емес бөлшектерді монтаж сызбалары немесе қолмен сызылған эскиз бойынша да жасаймыз.

Ауа өткізгіштер — СТРОЙ ВЕНТ өндірісі

Жіктелуі

Қимасы бойынша — дөңгелек және тікбұрышты. Жігі бойынша: тік жікті және дәнекерленген. Тығыздығы бойынша екі класс: Н (қалыпты) және П (тығыз).

Фасонды бөлшектер: типтік (тік учаскелер, 90° және 45° бұрылыстар (отводтар), өтпелер (переходтар), үштіктер, бітеуіштер), сызба бойынша стандартты емес, жалғау элементтері — бұрыштамадан және профильді рейкадан жасалған фланецтер.

Материалы

Негізгі материал — 0,5–2,0 мм мырышталған болат; қалыңдығы қима мен жоба талаптарына қарай таңдалады. Агрессивті орталар үшін тот баспайтын болаттан, полимер жабынды болаттан және алюминий парақтарынан жасаймыз.

Сұрақтар мен жауаптар

Н класы П класынан немен ерекшеленеді?
Герметиктілік класымен. Н — жалпы алмасу желдетуіне арналған қалыпты тығыздық. П — ағуы аз тығыз ауа өткізгіштер: транзиттік учаскелер мен түтін шығару жүйелері үшін.
Дөңгелек пе, тікбұрышты ма — қайсысын таңдау керек?
Дөңгелегі арзанырақ, герметикалығы жоғары, кедергісі төмен. Тікбұрыштысы төбе үсті орын тар болғанда ұтымды. Әдетте жоба шешеді: магистральдар — дөңгелек, тар жерлердегі тарату — тікбұрышты.
Стандартты емес фасонды бөлшектер жасайсыздар ма?
Иә, жұмыс сызбалары немесе эскиз бойынша. Бұл тапсырыстың әдеттегі бөлігі — нақты нысанда типтік бөлшекпен жабылмайтын тораптар әрқашан болады.

Баға сұрау: ауа өткізгіштер

Жұмыс уақытында қоңырау шаламыз, өлшемдеріңіз немесе жобаңыз бойынша құнын есептейміз.

Немесе тікелей жазыңыз: WhatsApp +7 747 371 29 79